Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: goodfon.com
239
оқылды
«Қазгидромет» 4-6 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы екі-үш күнде антициклон әсерінен ауа райы жылы болады. Қазақстанның батыс және таулы облыстарында құрғақ және ашық ауа райы күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы көтеріледі. Солтүстікте ауа температурасы күндіз 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін, оңтүстік облыстарда 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады. Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында 15-23 градус жылы, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 5-13 градус жылы болады.