Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
© azattyq-ruhy.kz

Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс активіне ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіліп тағайындалған өзінің жаңа орынбасарын Нұрдәулет Қилыбайды таныстырды.

Нұрдәулет Қилыбай Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру», «Қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау тасымалдау бөлімшесінің станциялары бойынша кезекші болып бастаған.

2000 - 2002 жылдары «Астана» станциясының кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, аға қабылдап-тапсырушы болды.

2002 жылдан 2005 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Магистральдық желі дирекциясының бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарды.

2005 - 2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Экономика және тарифтік саясат, теміржол көлігі басқармаларының бастығы, Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары; 2009 - 2010 жылдары «Вокзал Сервис» АҚ президенті, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры; 2010 - 2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы; 2011-2012 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ - «Маңғыстау жол бөлімшесі» филиалының директоры; 2012 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және коммуникациялар қатынастар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2013 - 2017 жылдары - «ҚТЖ «ҰК» АҚ басқарушы директоры-аппарат басшысы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы.

2017 - 2018 жылдары - «Теміржолсу» акционерлік қоғамының президенті, бас директоры «Теміржолсу» АҚ басқарма төрағасы.

2018 - 2020 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.