ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына араласпайды – ҚР СІМ

ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына араласпайды – ҚР СІМ

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ресей мен Украинаның қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, – деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Тұтастай алғанда, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген. Және  Ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шегінде қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ», – деді Айбек Смадияров.
Ол Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың дербес теңдігі мен бейбіт өмір сүру ұстанымдарын ұстанатынын атап өтті.