Ресейде тұратын қазақстандыққа әскери комиссариаттан соғысқа шақырту келген
Ресейде тұратын қазақстандыққа әскери комиссариаттан соғысқа шақырту келген
Фото: © globallookpress.com
1,059
оқылды

Санкт-Петербургте Қазақстан азаматына әскери комиссариаттан шақыру қағазы келген. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Ленинград облысының өңірлік БАҚ-тарында Санкт-Петербургте тұратын 31 жастағы қазақстандық әскерге шақыру қағазын алғаны туралы ақпарат пайда болған. БАҚ мәліметінше, қазақстандық 2013 жылдан бері Ресейде тұрады, 2017 жылы тұруға ықтиярхат алған, бірақ Қазақстан азаматтығын өзгертпеген. Ол төлқұжатын көрсетіп, құжатқа қол қоюдан және әскери комиссариатқа барудан бас тартқан. Оның орнына қазақстандық елшілікке жүгінген.

 /><em> 47news.ru</em>

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы азаматынан мұндай өтініш түскенін растады. Азаматтығын растайтын құжаты бар. Қазір екі елдің мәлімет базасында ақпарат тексеріліп жатыр.
<blockquote>