Екі ресейлік азамат Қазақстан шекарасынан шығарылды
Екі ресейлік азамат Қазақстан шекарасынан шығарылды
© gazeta.ru
441
оқылды
Қостанай облысының Денисов аудандық соты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің белгіленген тәртібін сақтамай Мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ҚР ӘҚБтК 514-бабының 2-бөлігі). Сотта анықталғандай, 2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында Қостанай облысы Денисов ауданы аумағында орналасқан шекара белгісі аумағында Ресей Федерациясының азаматтары Мемлекеттік шекара режимін бұзып, Қазақстан Республикасының шекарасына өткен.
"Соттың 2022 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысымен шетел азаматтарына Қазақстан Республикасынан әкімшілік шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалады", – делінген хабарламада.