Оралда бір-бірімен төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылатын болды
Оралда бір-бірімен төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылатын болды
351
оқылды
Орал қаласында төбелеске қатысқан шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
30 қыркүйек күні сағат 00.00 шамасында БҚО ПД Жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Оралдың түнгі клубтарының бірінің жанында ер адамдардың төбелесін байқады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады. Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу), 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылдары туған РФ азаматтарына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.