Ақмола облысында мас ер адам өз анасын ұрып өлтірді
Ақмола облысында мас ер адам өз анасын ұрып өлтірді
937
оқылды
2 қазанда полицияға егде жастағы әжейдің қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы марқұмның ұлы ретінде өзін таныстырып, болған жайтты былайша баяндады: 92 жастағы зейнеткер құлап, алған ауыр жарақатынан көз жұмды.
Аталған мекенжайға жедел-тергеу тобы аттанды. Криминалист оқиға болған жерді тексерді, ал тергеушілер мен жедел уәкілдер қайғылы оқиғаның жалғыз куәгері – зейнеткердің 62 жастағы ұлын сөзге тартты.
"Алдын ала тергеу барысында полиция жарақаттар құлаудан емес, басына тиген соққылардан болғанын анықтады. Полиция қылмысқа зейнеткердің ұлының қатысы бар екенін анықтады, ол анасының басынан кірпішпен ұрған", – дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.