Атырау облысында балабақша мүлкін талқандаған жасөспірімдер камера арқылы анықталды
Атырау облысында балабақша мүлкін талқандаған жасөспірімдер камера арқылы анықталды
257
оқылды
 Атырау облысында балабақша мүлкін талқандаған жасөспірімдер бейнекамералар арқылы анықталды. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Құлсары қаласындағы «Қызғалдақ» блабақшасының ғимаратында орнатылған бейнебақылау камералары толық тексерілген.
«Камералардағы жазба мұқият тексерілді. Содан кейін бейнежазба арқылы кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың жеке басы анықталды. Балабақшаларды күзету мәселесі бақылауға алынды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.