Отырыстың күн тәртібі бекіді
Отырыстың күн тәртібі бекіді
Парламент Сенаты Бюросының мүшелері 2022 жылдың 6 қазанына жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Палата отырысында «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір та­­раптан Еуразиялық эконо­ми­калық одақ пен оған мүше мем­лекеттер және екінші тараптан Иран Ис­лам Республикасы ара­сын­дағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хат­таманы ратифи­ка­циялау туралы» заң жобасы қа­ралатын болады. Келісім ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы тауар саудасын еркінсітуге және жеңілдетуге ба­ғытталған. Заң жобасы осылайша Тараптар арасындағы экономи­калық және сауда өзара іс-қи­мылын қолдауға бағытталған. Уақытша келісімнің қолда­ны­лу мерзімін ұзарту да сауданың бажсыз тәртібін және отандық тауарлардың Иран нарығына шығуы үшін қолайлы жағдай­ларды сақтауға мүмкіндік береді. Депутаттар сондай-ақ «Жа­һандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді рати­фи­кациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды. Қазақстан Республикасы­ның Келісімге қосылуы эконо­мика­лық өсудің жаңа үлгісін – эко­номикалық көрсеткіш­тер мен эко­логиялық тұрақ­ты­лыққа бағ­дарланған «жасыл өсуді» әзір­леу және тарату, сон­дай-ақ жа­сыл өсуді іл­ге­рілетумен айна­лы­сатын халық­аралық ұйымдар­мен және ха­лықаралық инс­ти­туттармен ынтымақтастықтың қажетті­гі­нен туындады. Осы Келісімді ратифика­ция­лау қандай да бір міндеттемелерді қабылдамай, техникалық көмек тарту мүмкіндігімен институттың сараптамалық әлеуетіне және жинақталған білім базасына қолжетімділікті ашады. Бюро мүшелері отырыс ба­рысында Мәжілістен келіп түс­кен заң жобаларын Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бөліп берді.