Жетісу тауларында алтын кенін өндірумен айналысқандар ұсталды
Жетісу тауларында алтын кенін өндірумен айналысқандар ұсталды
257
оқылды
Жетісу тауларында алтын кенін өндірумен айналысқан «қара іздеушілер» ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Дерек Ақсу ауданында тіркелді. 1 қазан күні Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер «қара іздеушілер» бригадасын ұстаған. Бригада Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан барған алты ер адамнан құралған. Олар алтын кенін өндірумен айналысқан деген күдікке ілінді. Ұсталғандар өз қызметіне қатысты ешбір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Тәртіп сақшылары күдіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатыр тәркіледі. «Қазылған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Қазіргі кезде дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды және қылмыстық тергеу қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша жүргізіледі», - деді Жетісу облысы ПД Табиғатты қорғау басқармасының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.