Бәсі қызған бәйге
Бәсі қызған бәйге
255
оқылды
«AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі Түркістан қала­сын­да жалға­сын тапты. «AMANAT» пар­тиясы Түркістан қа­лалық филиалы, «Jastar Ruhy» ЖҚ өңір­лік филиалы және об­лыс­тық Жастар ре­сурстық орталығының ұйым­дастыруымен өткен зияткерлік са­йыс­қа 17 команда қа­тысты. Он­да мұғалім­дер, дәрі­гер­лер, жур­налис­тер, бас­тауыш партия ұйым­дарының төраға­лары, түрлі сала өкілдері және жас ерік­тілерден құралған топ­тар өзара бақ сынасты. Жарыс 7 кезеңнен тұрып, әр кезеңде түрлі салаға байланысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрден бастап логикалық тапсымалар ойын­ды ширата түсті. Қатысу­шылардың айтуынша, ән жұмбақ сайысы серпіліс берді. Тартысқа толы өт­кен зияткерлік ойын қорытындысына сәй­кес Key to life командасы 3-орынды иеленді. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің жас ұстаздарынан құралған Youngstars командасы 44 ұпаймен 2-орынға жайғасса, журналистерден құралған «Тұран БАҚ» командасы 45 ұпай жинап, сайыс жеңімпазы атанды.