Бүгін төрт облыста аяз болуы мүмкін
Бүгін төрт облыста аяз болуы мүмкін
Фото: twitter.com
434
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, төрт облыста аяз болады. Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде түнде 3 градус аяз күтіледі. 4-6 қазан түндері Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус аяз болады. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады. Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.