Бас прокуратура биыл 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыстың мән-жайын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бас прокуратураның мәліметінше, өрттен 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкенде жұмыс істеген. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлерге де зақым келді. Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болған. «Сокол» маркалы 40 келі оқ-дәріні Қарағанды облысынан кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған. Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған. Жарылыс дүкеннің жертөлесінде сақталған. Сарапшылар жарылысқа оқ-дәрінің тұтануы себеп болғанын айтты. Жарылыстың соңы алапат өрттің тұтануына себепкер болған деген қорытындыға келіп отыр. Қазір тергеу кінәлі адамдарды анықтап жатыр.