Президент сайлауы: тағы бір кандидат құжаттарын тапсырды
Президент сайлауы: тағы бір кандидат құжаттарын тапсырды
Фото: aiu.kz
578
оқылды
4 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкен құжаттарын тапсырды.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 20 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауына «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ кандидат ретінде ұсынған Мейрам Қажыкеннің жеке құжаттары ұсынылды», - делінген комиссия хабарламасында.
Ұсынылған құжаттардың арасында «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ жоғары органы отырысының Қазақстан   Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; М.Қажыкеннің Қазақстан  Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері бар.