Алтын ұрлаған ұрлықшылар
Алтын ұрлаған ұрлықшылар
Түркістан қалалық Полиция басқармасына базарда алтын сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, екі алтын жүзігін белгісіз біреу ұрлап әкетіпті. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 000 теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Сөйтіп, ұрыны іздестіру жұмысы басталды. Ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралып, куәгерлер сұрастырылды. Нәтижесінде, түркістандық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Күдікті әйел облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ол сауда орнына алтын алушы ретінде келіп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, алтын бұйымдарды жымқырған. Күдіктінің үйінен айғақ ретінде ұрланған жүзіктер табылып, заңды иесіне қайтарылды.