Жетісу облысында жастардың мүддесін қорғау бағытында жұмыс істеп жатырмыз – Еркебұлан Ақболатов
Жетісу облысында жастардың мүддесін қорғау бағытында жұмыс істеп жатырмыз – Еркебұлан Ақболатов
«AMANAT» партиясы жалынды жастарды әрдайым қолдайды. «Жастар рухы» Жастар қанаты партияның тұғырнамасын талқылауға, жүзеге асыруға әзір. Съезд  қарсаңында Жетісу облыстық «Жастар рухының» жетекшісі  Еркебұлан Ақболатов пікір білдірді. – Қазір Жетісу облысында «Жастар рухы» Жастар қанатының жалпы саны 19 бөлімшесі қызмет атқарады. Оның 1-і облыстық, 10-ы аудандық және 9 ЖОО мен ТжКБ мекемелерінің базасында орналасқан. Бүгінде облыс бойынша «Жастар рухы» Жастар қанатының 4 301 белсенді мүшесі бар. «Жастар рухының» белсенділері өңірде «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек» сияқты партиялық және «Өрлеу», «Қайсар», «Таза сессия», «Арман ағашы» секілді  бірқатар жобаны  сәтті жүзеге асыруда. Сонымен қатар Қаңтар оқиғасына қатысқан жастармен де жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл оқиғаның еліміздің экономикалық және саяси кеңістігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, Тәуелсіздігімізге нұқсан келтіруге шақ қалғаны мәлім. Сол себепті, Жетісу облысы бойынша Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ қазір мерзімінен ерте босатылған немесе жазасы жеңілдеген азаматтарды әлеуметтендіру, жұмыспен қамту және өзге де сұрақтарына қатысты 32 азаматқа көмек көрсетіп, кеңес бердік. Біз үшін ол азаматтардың ары қарай қоғамнан алшақтап кетуі емес, керісінше қоғам арасында дұрыс пікірге ие болып, өз-өздерін дамытуға және мүмкіндігін дұрыс бағытта пайдалануы маңызды. Өңірде жас депутаттармен жұмыс жүргізу жолға қойылған. Өткен жылдан бері жас депутаттарды біріктіретін жас депутаттар корпусын құрып, облысымыздағы 35 жасқа дейінгі депутаттар жастардың мәселесіне назар аударды. Аймақтағы проблемаларды шешу жолында қызмет етуін қамтамасыз ету және «AMANAT» партиясының жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамында жастардың мүддесін қорғау бағытында жұмыс жүргізудеміз. Әлбетте бізді елдегі саяси реформа да алаңдатады. Себебі жаңа бастамаға бірден баға беруге болмайды. Оны саралап, не болмаса, жұмысына көз жеткізгенше нәтижесін көру керек деп есептеймін. Еліміз бүгінде расымен жаңа кезеңге аяқ басты. Халықтың әл-ауқатын жақсартатын, олардың барлық сұранысына жауап беретін, атқарған және әр бастаған бастамасының қорытындысын көрсететін әділетті мемлекетке айналып келеді.  Мемлекетте болып жатқан қазіргі өзгерістер – заман талабы. Біздің елдегі ғана емес, әлемдегі күрделі геосаяси ахуал үкімет үшін жаңа, сын-қатер туғызып, қиын шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер ететін мұндай оқиғаларға уақытылы әрі дұрыс төтеп беру керек. Сол үшін де, мемлекеттік басқару және саяси жүйе ребрейдингтен өтіп отыр. Бұл ертеңгі Қазақстан үшін де, болашақтың іргетасын қалайтын жас азаматтар үшін де өте қолайлы. Мұнымен қоса, өздеріңізге мәлім «AMANAT» партиясы саяси платформа, яғни партияның саяси тұғырнамасының жобасын жариялады. Тұғырнаманың негізгі мақсаты – әрбір азаматтың заңды құқығын қорғай отырып, өзінің адал еңбек пен білімімен құндылықтарға қол жеткізіп, әділетті мемлекет құру. Басты міндет – еліміздің тұтастығымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, территориялық кеңістіктің тұтастай сақталуы мен  халықтың әл-ауқатын жақсарту, салт-дәстүрді қайта жаңғырту, ұлттық тіліміздің тұғырын көтеріп, ашық қоғам құру. Мемлекет басшысының әр бастамасын қолдау бағытындағы халық үшін қолайлы орта қалыптастыруға белсенді түрде атсалысамыз.