Көкшетауда ер адам трактордың аспалы шөмеле тасығышына жаншылып қалды
Көкшетауда ер адам трактордың аспалы шөмеле тасығышына жаншылып қалды
1,632
оқылды
Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында ер адам трактордың аспалы шөмеле тасығышының (кунның) астында қалып мерт болды. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, Краснояр селосында болған суыт хабар жайлы 23 жастағы ер адам хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция үйдің ауласында УАЗ автокөлігінен роторлы шөп шапқышты МТЗ-80 маркалы трактордың аспалы шөп тасығыштың (кунның) көмегімен түсіру кезінде УАЗ авто көлігінде болған 55 жастағы ер адамды жаншып тастағанын анықтаған.
«Шөп шапқышты түсіру кезінде трактор рөлінде ешкім болмаған. Бейтарап күйде болған трактор ауыр жүк салған тұста алға қарай жылжып кеткен», – дейді Ақмола облысы полиция департаметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Сол кезде жанында трактор жанында тұрған ер адам тракторды тоқтатып кунға жаншылып қалған ер адамды жерге түсіріп алған. Дереу полиция мен жедел жәрдем шақырған. Алайда ер адам алған ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмған. Қазір аталған факт бойынша тәртіп сақшылары тексеріс жүргізуде.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы