Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
215
оқылды
5 қазанда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет".
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Cонымен қатар солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с болады деп болжанды.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады. Шымкентте күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел 15-20 м/с. Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 2 градус аяз сақталады. Өңірде түнде де 0-2 градус аяз болады деп болжанды. Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.