Спорт түрлері қысқарды
Спорт түрлері қысқарды
490
оқылды
Artsport жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер айналысатын спорт түрлері 71-ден 64-ке азайтылды. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжановтың айтуынша, спорт саласы бойынша жан басына шаққандағы тапсырыстарға өзгеріс енгізілді. Қысқартылған спорт түрлерінің қатарында пауэр­лифтинг, армлифтинг және ауыр атлетика бар.
«Бұларды қысқарту пысықталып, талқыланды. Қолданбалы күш спорт түрлері болғандықтан білікті жаттықтырушы, нақты жоспары мен оқу-үйрету методикасы қажет. Осы жайттарды ескере келе, спорт түрлері азайтылды», – деді ол.
Сондай-ақ алдағы уақытта қабылданатын бала­ның жасына да мән берілмек.
«Қолданыстағы №42 бұйрық қайта сәйкес­тендірілді. Онда спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшелігі туралы айтылған. Бұрын 5 жастан болса, енді бала әр спорттың өз талабы мен ережесіне қарай қабылданады», – деді министрлік өкілі.