Кибершабуыл жасағандар кім?
Кибершабуыл жасағандар кім?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазнеттегі DDoS шабуылдары туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласын­да мемлекеттік саясат әзірлеу үстінде. Мемлекеттік техникалық қызмет «шабуылдардың себептері мен салдарын жоюмен айна­лысады. Оларда бұл шабуыл­дардың алдын алуға қажетті бар­лық құрал мен ресурс бар. Ұйым осы киберқалқанды басқару үшін құрылған», – деді ведомство бас­шысы.
Министр DDoS-шабуыл­дар­дың қайдан жасалып жатқаны және оның артында қандай ұйым тұрғаны әлі белгісіз екенін мә­лімдеді.
 Бізде нақты ақпарат жоқ. Ол шабуылдарды ұйымдас­тыратын­дар прокси-серверлерді, VPN-серверлерін пайдаланып, барын­ша жасырын істеуге тыры­сады. Белгілі бір механизмдер арқылы олар анонимділігін сақтай алады. Кейінгі уақытта жасалып жатқан шабуылдарға байланысты мемле­кеттік барлық ресми ресурс­тар мен интернетке үлкен жүктеме түсіп отыр. Шабуылдың ішкі тіз­бегі сыртқы шабуылға қарағанда әлдеқайда айқынырақ болады. Сондықтан бұл шабуылдар Қазақ­станнан тыс жерде жасалып жатыр», – деді Бағдат Мусин.