Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазнеттегі DDoS шабуылдары туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясат әзірлеу үстінде. Мемлекеттік техникалық қызмет «шабуылдардың себептері мен салдарын жоюмен айналысады. Оларда бұл шабуылдардың алдын алуға қажетті барлық құрал мен ресурс бар. Ұйым осы киберқалқанды басқару үшін құрылған», – деді ведомство басшысы.Министр DDoS-шабуылдардың қайдан жасалып жатқаны және оның артында қандай ұйым тұрғаны әлі белгісіз екенін мәлімдеді.
Бізде нақты ақпарат жоқ. Ол шабуылдарды ұйымдастыратындар прокси-серверлерді, VPN-серверлерін пайдаланып, барынша жасырын істеуге тырысады. Белгілі бір механизмдер арқылы олар анонимділігін сақтай алады. Кейінгі уақытта жасалып жатқан шабуылдарға байланысты мемлекеттік барлық ресми ресурстар мен интернетке үлкен жүктеме түсіп отыр. Шабуылдың ішкі тізбегі сыртқы шабуылға қарағанда әлдеқайда айқынырақ болады. Сондықтан бұл шабуылдар Қазақстаннан тыс жерде жасалып жатыр», – деді Бағдат Мусин.