ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті аймақтық есірткі арнасы арқылы есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.
Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу пиғылы анықталды.
Өткен жылы 9 қазанда одан 2,3 кг гашиш тәркіленіп ұсталды.
2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 б. 3 т. бойынша кінәлі деп танылды және оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.