«Салафиттер ашты» деген мектепке қатысты тың деректер белгілі болды

«Салафиттер ашты» деген мектепке қатысты тың деректер белгілі болды

Атырауда «ұлттық» атауын жамылған қыздар мектебіне айыппұл салынды.

Қыркүйек айында блогер әрі қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышева «салафиттер ашқан мектеп» деп жария еткен Ұлттық қыздар мектебі рұқсатсыз ашылған болып шықты.

Жекеменшік мектеп 2022-2023 оқу жылына 101 оқушыны  қабылдап үлгерген.

Сот «Қазақ ұлттық қыздар мектебі»  ЖШС рұқсатсыз ашылған деп танып, 76 575 теңге көлемінде айыппұл салды.

Сонымен бірге, аталған мектептің директоры Жұмазия  Жолмұханова діни материалдар таратқаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 490-бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған Атырау қаласының әкімшілік сотының шешімімен 107 205 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен бірге, Ұлттық қыздар мектебі директорының ұлы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабымен кінәлі деп танылды. Теріс діни сипаттағы материалдарды сақтағаны және таратқаны үшін ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кенже СҰЛТАН

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.