Апта соңында Қазақстанның кей өңірінде қар жауады
Апта соңында Қазақстанның кей өңірінде қар жауады
13,151
оқылды
Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына қатысты болжамын жариялады. Аптаның екінші бөлігінде республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон ықпалы сақталады. Республиканың солтүстік, орталық облыстарында жылы, жауын-шашынсыз күн райы болып, антициклонның ығысуымен шығыста жауын-шашын тоқтайды. Сондай-ақ Скандинавия түбегінен әсер ететін циклонның батыстан шығысқа ауысуынан алдымен батыс, солтүстік-батыс, ал аптаның соңына қарай елдің солтүстік және орталық облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте түнде жауған жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар жел күшейіп, күндіз батыс облыстарда бұршақ жаууы ықтимал. Елдің оңтүстігінде фронтальды ағынның өтуімен күн күркіреп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, қарға ауысады. Республиканың барлық аумағында түнде тұман түседі. Күндіз ел батысында 15-23 градус, ал орталықта 15-25 градус жылы болады. Солтүстік жартысында кей жерлерде термометр бағаналары 10-18 градус жылылықты көрсетеді. Шығыста ауаның температурасы 8-17 градустан 14-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 15-23 градусқа дейін, таулы аймақтарда 8-13 градустан 20-25-ке дейін жоғарылайды, республиканың оңтүстігінде негізгі температуралық фон 20-28 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда 10-15 градус жылы болады.