Отандық өндіріс: 700-ден астам автобус құрастырып, 208-ін мектептерге таратады  

Отандық өндіріс: 700-ден астам автобус құрастырып, 208-ін мектептерге таратады  
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazTehna зауытына барды. Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Отандық өндіріс: 700-ден астам автобус құрастырып, 208-ін мектептерге таратады  

Президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндады. Зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған.  Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің 9 облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.

Отандық өндіріс: 700-ден астам автобус құрастырып, 208-ін мектептерге таратады  

Зауыт әлемдегі жолаушылар көлігін өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Серіктестік аясында компания қазақстандық зауытқа қажетті технологияны кезең-кезеңімен береді. Қазіргі кезде автобустар бөлшегінің 33 пайызы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50 пайыздан асыру жоспарланып отыр.

 

Отандық өндіріс: 700-ден астам автобус құрастырып, 208-ін мектептерге таратады  

Бүгінде зауытта 560 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымының басым бөлігі – Саран қаласының жергілікті тұрғындары.

 

Отандық өндіріс: 700-ден астам автобус құрастырып, 208-ін мектептерге таратады  

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.