Петропавл әкімдігінде бір миллион теңгелік душ кабинасы не үшін қажет?
Петропавл әкімдігінде бір миллион теңгелік душ кабинасы не үшін қажет?
800 мың теңгелік лот мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған. Шенеуніктер оны қала басшысы мен оның орынбасарлары үшін емес, техникалық қызметкерлер үшін орнататынын айтты, – деп хабарлады Kazakh24.info AstanaТv-ға сілтеме жасап. Бұған дейін мемлекеттік сатып алу сайтында әкімдіктің 4-қабатында жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы лот пайда болған. Аталған мәліметте 1,5 м/1,5 м/2м көлемінде душ кабинасы орнатылады деп жазылған. Оның құны – 848 мың теңгеге бағаланған. Сондай-ақ орнату бағасын қосқанда 1 млн-ға жуық қаржы жұмсалатыны белгілі болған. Әкімдікте 18 техникалық қызметкер бар. Әкім орынбасарының айтуынша, қызметкерлер душ орнатып беруін сұрап, өтініш білдірген.
«Олардың жұмыс күні кеш аяқталады. Сондықтан 0-қабатта техникалық қызметкерлерге арналған душ кабинасын орнатпақпыз. Себебі қызметкерлер жеке гигиена және жұмыс күнінен соң қолайлы жағдайда өзін ретке келтіру маңызды екенін жеткізді», – деді облыс орталығы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин.