Президент сайлауы: Ауған соғысы ардагерлері сайлауға бірауыздан бір кандидат ұсынды
Президент сайлауы: Ауған соғысы ардагерлері сайлауға бірауыздан бір кандидат ұсынды
Фото: matritca.kz
735
оқылды
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын алда өтетін Президентін сайлауына ұсыну жөнінде шешім қабылдады. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығының отырысы өтті. Отырысқа «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығының төрағасы Бахытбек Смағұл төрағалық етті.
«Президент ардагерлер мен түрлі әлеуметтік топ өкілдерін әрдайым қолдап келеді. Біз ардагерлер соғыстың не екенін бір кісідей білеміз әрі бейбіт өмірдің қадірін өте жақсы түсінеміз. Тұрақтылық – кез келген мемлекет үшін дамудың ең басты кепілі. Сондықтан, біз Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдадық», – деді қауымдастық жетекшісі Бақытбек Смағұл.
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығы басқармасының мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылап, бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын алда өтетін Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға үміткер ретінде ұсынып, қаулы қабылдады.