Антикор Бауыржан Байбекке қатысты мәлімдеме жасады
Антикор Бауыржан Байбекке қатысты мәлімдеме жасады
© tengrinews.kz
1,256
оқылды
Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық істің қозғалғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өтінішіңізді қарап, аталған тұлғаның қылмыстық істер бойынша күдікті болып табылмайтынын хабарлайды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Бауыржан Байбектің Алматы әкімі болып тұрған кезінде "жемқорлық жасады деген күдікке ілінгенін" жазған болатын. Еске салайық, Қаңтар оқиғасынан кейін Байбек "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінен шығарылған болатын. Ақпан айының басында ол партия төрағасының орынбасары қызметінен кетті.