Еріктілер тегін медициналық бетперде таратты
Еріктілер тегін медициналық бетперде таратты
© сурет интернеттен алынды
273
оқылды
Түркістан қаласындағы орталық базарда еріктілер тұрғындарға медициналық бетперде таратты. Коронавирус туралы ақпарат жазылған арнайы парақшалар берді. Инфекциялық аурудың алдын алуға қатысты қолданылатын шараларды түсіндірді. Бұл шараны ұйымдастыруға медицина факультетінің студенттері ұйытқы болды. Ерікті жастар жұқпалы вирустың таралу жолдары жөніндегі  мәліметтермен бөлісуді өздерінің азаматтық борышы деп есептейді. "Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды еріктілер жылы деп жариялауына байланысты осы шараға біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Болашақ дәрігер ретінде халық денсаулығын сақтауға, аталмыш індеттің алдын алуға үлес қосу біздің борышымыз", - дейді ерікті Нұрсәуле Батырхан.