Қарағанды облысындағы ауыл маңынан әйел мен қызы өлі күйінде табылды

қыз
© baq.kz

Әйел мен оның қызының мәйіті 24 қыркүйекте сағат 16:00-де табылды, – деп хабарлады  ПАТРИОТ Telegram-каналы.

Екі адамның өлі денесі Қарағанды облысы Ақтас ауылы маңынан табылды.

«Ақтас ауылының ағаш егілген жерінен 33 жастағы әйел мен 7 жасар қызының иісі шығып кеткен мәйіті табылды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2,3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.