БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 5 қазан күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылынан 4 шақырым жерде болды.

«Сағат 01.30-да Чапаев-Жаңақала жолының 124-шақырымында Жаңақала ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, 1985 жылғы полиция майоры өзінің «Шевроле Кобальт» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында кайтыс болды. Дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді»,– деп хабарлады ведомстводан.

Марқұм автокөлікте жалғыз өзі болған.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.