Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды. Екі науқас қайтыс болды. Бір күнде пневмонияға шалдыққан 4 адам тіркелді. Осы уақытта індеттен өңірлерде 1 129 адам, оның ішінде коронавирустан – 997 (КВИ+), пневмониядан 132 (КВИ-) науқас емделіп жатыр. 119 пациент стационарда жатса, 1 010-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 4 адамның жағдайы ауыр, – 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 1 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.