Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV съезінде Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынды.
«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамын!», – деді партия Төрағасы Ерлан Қошанов.