Кезектен тыс өтетін президенттік сайлау – саяси реформалардың жүйелі жалғасы – Нұржан Жетпісбаев

Кезектен тыс өтетін президенттік сайлау – саяси реформалардың жүйелі жалғасы – Нұржан Жетпісбаев

Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп жатыр. Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қаласынан келген партиялықтар съезге қатысып жатыр. «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV съезінде сөз сөйледі. «Бүгінгі «Жастар рухы» – Мемлекет басшысының саяси жаңғыру бағдарын, стратегиялық жоспарларын терең түсінетін, 100 мың жастың ақыл-ойын тоғыстырып отырған беделді ұйым. Біз, алда өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын – саяси реформалардың жүйелі жалғасы, әрі қазіргідей күрделі тұста айқындықты анықтап, шешімізді өз уақытында әлемге жариялау деп түсінеміз», – деді Нұржан Жетпісбаев.