Екі полицей өртеніп жатқан үйден адамдарды аман алып шықты – видео
Екі полицей өртеніп жатқан үйден адамдарды аман алып шықты – видео
Фото: polisia.kz
472
оқылды
Петропавлда полицейлер өртеніп жатқан үйге өрт сөндірушілерден бұрын жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, түнгі кезекшілікте жүрген Петропавл қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері Әсет Сыздықов және Артем Маренков отқа оранған үйден адамдарды алып шыққан. «Береке» ықшамауданында түн ортасында Волочаевский көшесіндегі жер үй өртке оранған. Полицейлер оқиға орнына шұғыл жеткен. Ауладағы қора-қопсы өртке оранып, от үйдің шатырына жеткен. Үйдің ішін түтін жайлап, электр жарығы өшіп қалған. Әйелі мен күйеуін, әжені сыртқа алып шыққан. Жасөспірім қыз өз бетінше сыртқа шығып үлгерген.   https://youtu.be/qJ4o5fLx3xY Маренков газ баллонын көшеге алып шыққан кезде өрт сөндірушілер келген. Полицейлер адамдарға көмектескенін ерлік деп санамайды. Біздің міндетіміз деп есептейді.