Асхат Аймағамбетов Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алмайтынын айтты
Асхат Аймағамбетов Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алмайтынын айтты
Фото: bugin.kz
1,392
оқылды
Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Zakon.kz-тің жазуынша, Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептерінде жұмысқа орналасу үшін бір жыл бұрын енгізілген талаптар бар.
«Тек қана диплом жеткіліксіз. Еліміздің кез келген азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның мектепке жұмысқа орналасуы үшін ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болуы тиіс. Біздің әдістеме, бағдарламамызды білуі және өз пәнін жақсы білуі қажет. Диплом жеткіліксіз, сертификат керек», – деді Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін он шақты күнде 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алғанын жазған болатынбыз.