«Самұрық-Қазына» қорының жетекшілігіне үміткер 18 адам өтірік детекторынан өте алмады
«Самұрық-Қазына» қорының жетекшілігіне үміткер 18 адам өтірік детекторынан өте алмады
Фото: kbis.kz
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардың басшысы, басқарушы директорлар мен бөлімше басшылары лауазымына үміткерлердің барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін комплаенс тексеруінен өтеді. Болашақ сатып алу саласының жетекшілері үшін қосымша өтірік детекторы сынағы енгізілді. Мұндай сынақтар қазірдің өзінде «Самұрық-Қазына» тобындағы 38 компанияның 96 үміткеріне өткізілген. 18 үміткер тексеруден өте алмай, жұмысқа қабылданбады.