Саяси тұғырнамада баспана, жер мәселесі қаралған – Бейсенбай Тәжібаев
Саяси тұғырнамада баспана, жер мәселесі қаралған – Бейсенбай Тәжібаев
223
оқылды
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде жаңадан бекітілген Саяси тұғырнамасына қатысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсенбай Тәжібаев пікірін білдірді. «Партияның кезектен тыс съезінде еліміз үшін маңызды сұрақтар көтерілді. Оның әуелгісі – партия өзінің Саяси тұғырнамасын, яғни платформасын дайындап шықты. Біз мұны бірнеше ай бұрын бастағанбыз. Қазақстанның барлық аймағы өз үлесін қосып, жазбаша, ауызша түрде ұсыныс жасады. Тұғырнаманың ерекшелігі, біріншіден, мемлекеттік тілде дайындалды. Екіншіден, біздің қоғамда қандай қауіп-қатерлер туындауы мүмкін және ол бағытта партия не істеу керек деген мәселенің барлығы нақтыланды. Ол жерде экономикадағы проблемалар, баспана, жер мәселесі қаралған. Әсіресе, аймақтарда халықтың жерге қатысты арыз-шағымы өте көп түсті. Тұғырнамада анық және ашық жазылған. Сонымен қатар съезд барысында ел Президентіне үміткер ұсынылды. Аманаттықтар Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, ұсыныс білдірді. Бұл шешімді де көпшілік бірауыздан толық қолдайды деп сенемін», – деді Бейсенбай Тәжібаев