Тоқтар Әубәкіров: Президенттің ниеті де, саяси позициясы да тәуелсіз Қазақстанды нығайтуды көздейді
Тоқтар Әубәкіров: Президенттің ниеті де, саяси позициясы да тәуелсіз Қазақстанды нығайтуды көздейді
Фото: sputniknews.kz
Қазақстан Президенттігіне кандидатты қолдау форумында Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қолдап, пікір білдірді. «Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау арқылы болашақты таңдаймыз. Президенттің бастамаларымен жүзеге асып жатқан барлық реформаларды қолдаймын. Себебі ол – мемлекетіміздің бүгінгі және ертеңгі өмірі үшін аса маңызды. Бүгін осы сөзді айтып, ортаға шықпас бұрын көп ойландым, көп толғандым. Түйіндей келе  айтарым, Президентіміз бізді болашаққа бастауға әбден лайық тұлға. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ниеті де, саяси позициясы да тәуелсіз Қазақстанды нығайтуды көздейді. Үлкен істің алдында тұрған азаматымызға тірек болайық, ағайын! "Бірлік болмай, тірлік болмайды" дегендей бір болайық! Барлықтарыңызды қолда бар алтынды бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіруге шақырамын!», – деді Тоқтар Әубәкіров.