Қабаттасып жатпай, қанаттасып шабайық – Қазыбек Иса
Қабаттасып жатпай, қанаттасып шабайық – Қазыбек Иса
Фото: dalanews.kz
ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау форумында Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының депутаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Иса Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан қолдауға шақырды.
– Әр қиындықтан сабақ алуымыз тиіс. Қасіреті басталған жылды қасиетті істерге жалғастырып, жақсылыққа ұластырып әкету – сіз бен бізге байланысты. Біз әртүрлі саяси ұйымның өкілі болсақ та, біздің бағытымыз бен мақсатымыз, арман-тілектеріміз бір. Өйткені біздің қасиетті қара шаңырағымыз бір. Бізге керегі ең алдымен елдің амандығы – тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау! Осы мақсатта, біз ақжолдықтар бірауыздан Қасым-Жомарт  Тоқаевты Қазақстан Президенттігіне лайықты кандидат деп есептеп, қолдаймыз!, – деді ол.