Президент келешекте «Тоқаев кезеңіне» қандай баға берілетінін айтты
Президент келешекте «Тоқаев кезеңіне» қандай баға берілетінін айтты
Фото: akorda.kz
Алдағы сайлау біздің жаңа жетістіктеріміздің негізін қалайтынына, жаңа саяси дәуірдің тірегі болатынына сенімдімін. Ондаған жылдар өткенде бұл кезеңді шынайы бетбұрысты шешімдер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі ретінде еске алады. Кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде Президент осындай мәлімдеме жасады.
«Бірінші орынға нақты біреуге және кландарға ғана бағытталған мүдделер емес, қуатты саяси институттар мен жалпыұлттық басым бағыттар шығады. Бізге мығым парламенттік дәстүрі бар президенттік республика қажет.
Сондықтан  «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деп аталатын мемлекеттік құрылыстың негізгі формуласы үнемі жаңа сапалы мазмұнмен толығып отырады. Алдағы сайлау циклінде Президент, Мәжіліс және бүкіл деңгейдегі мәслихаттар сайлауы кезең-кезеңімен өтеді. Нәтижесінде, жаңа әділ қағидаттар негізінде осы билік институттары сапалы тұрғыда жаңартылады. Бұл реформалардың белгіленген қарқынын сақтап, жаңа ауқымды қайта құруларға жол ашады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пайымынша, елде шұғыл шешуді талап ететін өте көп мәселе қордаланған.
«Алдағы сайлау біздің жаңа жетістіктеріміздің негізін қалайтынына, жаңа саяси дәуірдің тірегі болатынына сенімдімін. Ондаған жылдар өткенде бұл кезеңді шынайы бетбұрысты шешімдер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі ретінде еске алады. Мен бұған сенемін, тіпті көзім жетеді», – деді Мемлекет басшысы.