Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты тың деректер жариялады

Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты тың деректер жариялады

Бас прокуратура «Дикий Арман» деген атпен танымал қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевке жаңа айыптардың тағылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Informburo.kz. Күдіктінің әрекеттері келесідей қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қосымша сараланды: ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1, 2-бөліктері – "Зорлық-зомбылықпен, қасақана қырумен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ құқықбұзушылықпен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билік өкіліне қарулы қарсылық көрсету, тәртіпсіздіктерге қатысу". Сондай-ақ ол Қылмыстық кодекстің 262, 291, 287-баптары бойынша айыпталуда. Арман  Жұмагелдиевке Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары – "Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық топ жасаған заңсыз бас бостандығынан айыру" жазасы да қарастырылмақ. 6 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 11 айға, яғни 2022 жылдың 7 желтоқсанына дейін ұзартты.