Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-06.10.2022
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-06.10.2022
167
оқылды
Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Ақмола облысының батысында кешке қарай найзағай ойнайды деп күтіледі. Күннің екінші жартысында облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, Петропавлда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, 7-9 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында сынап бағаны 1 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.