Атырауда есірткі дайындап келген радикалдар ұсталды
Атырауда есірткі дайындап келген радикалдар ұсталды
401
оқылды
29 қыркүйек күні жүргізілген арнайы операция нәтижесінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірген үш күдікті анықталып, ұсталды. Олар Атырау қаласы аумағындағы жертөлелердің бірін есірткі өсіріп, оны тұтынуға дайындайтын зертхана түрінде пайдаланып келген.Жертөледе өсімдікті баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру және басқа да құрылғылар орнатылған.
"Іс-шара кезінде шағын жылыжайдан 17 дана қарасора бұтасы тәркіленді. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, тінту кезінде суық қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдардан бөлек, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді. Күдіктілердің деструктивті діни ағымның ұстанушылары екендігі белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бап, 1 бөлігі және 300 бап, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта 1988, 1985 жылғы үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.  
Еске сала кетелік, 29 қыркүйек күні Атырауда ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысының прокуратурасы, Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен “Арлан” арнайы жасағы бірлесіп жедел-іздестіру операциясын өткізді.

Баян Жанұзақова