Атырауда құрбысының атына 1 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Атырауда құрбысының атына 1 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
589
оқылды
Жәбірленуші Атырау облысына қарасты Исатай ауданының 32 жастағы тұрғыны. Оның атына бірнеше банк арқылы 9 несие рәсімделген. Жәбірленуші банктер мен қаржылық ұйымдар тарапынан өзіне түскен толассыз қоңыраулардан соң өзінің атына 804 993 теңге көлемінде несие қарызы барын білген.
"Тәртіп сақшылары осы факті бойынша онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық қылмысын жасаған 1991 жылы туылған Исатай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарын таныс құрбысына, яғни, күдіктіге бергені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бап, 2 бөлігі 4 тармағы бойынша іс қозғалды", – деп түсінік берді Атырау облысы полиция департаменті баспасөз-қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Баян Жанұзақова