Сауда-саттық туралы құжатты қабылдады
Сауда-саттық туралы құжатты қабылдады
177
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығы­мен Палата отырысы өтті. Отырыста депутаттар екі заң­ды қарап, қабылдады. Оның бірі ЕАЭО елдері мен Иран ара­сын­дағы сауда-саттыққа қатысты болса, екіншісі Қазақстанның Жаһандық жасыл өсу инсти­ту­тын құру туралы келісімге қо­сылуына байланысты заң. «2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық эко­номикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші та­рап­тан Иран Ислам Республи­касы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша ке­лісімге хаттаманы ратифика­ция­лау туралы» заң ЕАЭО елдері мен Иран ара­сын­дағы сауда-эконо­ми­калық іс-қимылды қолдауға бағытталған.
«Хаттама Еуразиялық эко­номикалық одаққа мүше мем­лекеттер мен Иран Ислам Рес­публикасы арасындағы эко­но­микалық қарым-қатынастарды нығайтуға арналған. Қабыл­данған заң Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасын­да­ғы тауар айналымының ұл­ғаюы­на оң әсерін тигізеді деп се­неміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
«Жаһандық жасыл өсу инс­титутын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңда қарастырылған нормалар елі­міздің сарапшылары үшін Жа­һандық жасыл өсу институтының білім базасы қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ заң осы бағытта жұмыс істейтін ха­лықаралық ұйымдармен және институттармен ынт­ымақ­тас­тықты жандандыруға арналған экономикалық жасыл өсу мо­делін құруға мүмкіндік береді.
«Келісім елімізде жасыл эко­номика моделін енгізу ісін іл­ге­рілетуді көздейді. Қабылданған заң Жаһандық жасыл өсу инс­титутының серіктес елдерімен экологиялық технологияларды дамыту саласында тәжірибе ал­масуға жол ашады. Сол ар­қылы Қазақстанды теңгерімді және тұрақты дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз», – деді Се­нат Төрағасы.