Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 10-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен ойнады. Бірінші партия басында Х.Хуркач брейкпен алға кетті. Содан кейін басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте де Хуберт брейкпен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 7 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Астана додасында Қазақстаннан ешкім қалмады. Х.Хуркач жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.