– Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймын. Қазіргідей сыртқы әлемдегі тұрақсыз жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаев – өз халқына қауіп төндірмей, бейбіт дипломатиялық жолмен халықты дұрыс жолға бастайтын жалғыз Президент. Қысқа мерзімдегі оның Конституциялық реформасы жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Президентімізді және ол жүргізіп жатқан саясатты толық қолдаймын. Ол – бірнеше тілді жақсы меңгерген мықты дипломаттардың бірі, аса көрнектi саясаткер, стратег және әлемдiк деңгейдегi қайраткер, қазақ елiн әлемге мойындатқан көреген көшбасшы. Қасым-Жомарт Тоқаев «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуде. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды да көмексіз қалдырмайды. Осы орайда Мемлекет басшысы енді Үкімет халықтың мұң мұқтажын ойлап, әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуге ерекше басымдық беру керек екенін аңғартты. Ең бастысы, Мемлекет басшысы елдегі азаматтардың арыз-өтінішін ескеретін «Тыңдаушы мемлекет» қағидасын дамытып, әлеуметтік мемлекет құруды, баға тұрақсыздығы мен қымбатшылықты, ұлттық валютаның девальвациясын және инфляцияны тежеуді, әділетсіз жүйені жоюды, елдің ішкі қауіпсіздігі мен сыртқы қорғанысын нығайтуды стратегиялық міндеттер ретінде алуы – Қазақстанды тұрақтылық пен бейбітшілікке, экономикалық даму мен гүлденуге алып баратынына кәміл сенеміз.