Қазақстанда қанша қазба байлық қалды?
Қазақстанда қанша қазба байлық қалды?
© tengrinews.kz
217
оқылды
Қазақстанда қанша қазба байлық қалғаны белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше кен орнын ашуға мүмкіндік бар.
"2,3 мың тонна алтын, 35,6 миллион полиметалл, 500 мың тонна сирек кездесетін металл: қалайы, вольфрам бар", - деді Санжар Жаркешов брифинг барысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бүгінде елімізде 76 миллиард тонна көмір бар. Еске салайық, мұның алдында Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның қазба байлықтары таусылуға таяу екенін айтқан болатын.