Қызылорда тұрғыны тапа-тал түсте 43 жастағы әйелді атып кетті

мектеп
Фото: yandex.kz

Қызылорда тұрғыны танысын атып кетті. Оқиға қаланың сол жағалауындағы көпқабатты үйдің алдында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

AstanaTV-ның мәліметінше, күдікті – 56 жастағы ер адам. Ол 43 жастағы әйелді атып, қашып кеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде, көп ұзамай қолға түсті. Айғақ заттар тәркіленді.

Қызылорда қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұлтанқұлов: «Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 14-бабы 3-бөлігі, 99-бабы  1-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деді.

Оқ жәбірленуші әйелдің сол жақ жамбасына тиген. Ішкі ағзасы зақымданған. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.